Reads: 1161
ДАНА НҰРЖІГІТ: ЕРБОЛАТҚА ОРНЫМНАН ТҰРЫП ҚОЛ СОҒАМЫН

ДАНА НҰРЖІГІТ: ЕРБОЛАТҚА ОРНЫМНАН ТҰРЫП ҚОЛ СОҒАМЫН

 
Дана Нұржігіт, белгілі тележүргізуші, журналист:
 
Ерболат Беделxанмен кездесуден кейінгі ойлар.

Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылмай, табанды еңбек етіп, бір күн-көл, бір күн-шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!
?]

Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп , "жиіркенемін" деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті.

Ол қоластындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. "...Шыдайсың ба менімен достасуға, Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға", деп Мұқағали ақынша серіктестеріне сұрақты төтесінен қойды.

Шаш өсер,
бояуы жуылар, трико шалбар боп өзгерер. Бірақ, арақ ішіп, есірткі тартып есірмеген, өнерде өз жолын іздеп, өсіп келе жатқан жастарды осыншама талап, мүсіркетіп "мен сияқты костюм шалбар кимейсің ба, шашты дұрыстап қысқартпайсың ба?" деп жер шұқытып қою, қаз-қаз тұрып келе жатқан балаға, "неге жүгіріп кетпейсің?" дегенмен тең.

Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз - Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге?

Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. "Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз" деген жаман атқа қалған Бизе бүгін ел ауызындағы классик. "Арайдан" кетіп, "Алма-Ата студио" болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген. Шашы жалбыраған жігіттер, майкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. 
Айта берсе көп қой.

Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! 

Сынасақ "жиіркенемін" деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!

 
Всего комментариев: 6
avatar
1
1 aliuralsk13 • 00:15, 20.04.2016
Күшті айтты
avatar
1
2 sahar_8 • 10:25, 20.04.2016
ия кушти айттты. нагыз журналист.
avatar
1
3 Zharkynai Tokan • 11:42, 11.06.2016
pray
avatar
0
4 saiaasena • 11:16, 07.07.2016
good applause
avatar
0
5 omarovg001 • 15:20, 16.07.2016
Салем. "91" -Это правда, что у вас 20 июля, в Астане, на стадионе имени Мунайтпасова пройдет ваш концерт ???????
avatar
0
6 arailymtolenbai • 20:05, 05.09.2016
керемет айтылган создер 
hello
avatar
Меню сайта
INQUIRY
    Where are more fans? Где больше фанатов?
    Всего ответов: 1722
We Vkonakte
Online chat
Online
    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0