Reads: 1689
СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕ...

  СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕ...
 
Сахнаға шыққаннан бері қанша сын естісе де жігіттер тоқтап қалған емес. Керсінше шығармашылық бағытына білек сыбана кірісіп кетті. Міндеттелген жұмыстарының ауырлығына, уақытының тапшылығына қарамастан қайырымдылық шараларға да үлгеріп жүр. Анығын айтқанда, жақында балалар үйінде волонтерлер ұйымдастырған "Жүрегіңді аш" атты қайырымдылық акциясына қатысты.
 [ ?]
 
Бүлдіршіндермен бірге ойын-сауық шараларын өткізіп, тәттіге толы дастархан жайды. Белсенділік танытып, барын сала қатысқан балғындарға арнайы сый да табыс еттді. Балалардың қызықтырған сауалдарына жауап берді. Суретке түсіп, қолтаңба мен сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ! Әсіресе орта буын жағы өте риза. «Бастысы айтқаның емес, жасағаның» дегендей балаларға мұндай ұмытылмас сыйлық жасаған «Жүрегіңді аш» атты волонтерлер тобы. 

 Жібек Қайтбаева, волонтер: 

"Бүлдіршіндердің әрқайсысы қомқорлықты қажет етеді деп білемін. Оны балалардың кінәсіз, мөлдіреген жанарларынан-ақ көруге болады. Сол себеппен достарыммен бірлесіп, көмек беруді ұйғардық. Бұл шараны көптен ойластырып жүрген болатынбыз. Осы күні сәті түсіп, ойдағыдай өткеніне қуанып тұрмыз. Өзара мүмкіндігінше ақша жинап, киім-кешек, ойыншық, сыйлық пен тәттілер алдық. Бұл игі шараға қуана қатысқан, бір күндік жылуын сыйлаған NINETY ONE тобына, топтың басшысы Ерболат Беделхан ағамызға, топ продюсері Асыл Айдарқызына алғысымыз шексіз!Әрқашанда биіктен көрініп жүре берсін! Ал біздің осы тобымыз болашақта үлкен қайырымдылық қорына айналады деген іштей үміт бар. Бос уақытымыз көп болса осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Оған күмәніміз жоқ. Балаларды қуантқанға не жетсін! Бұған еш нәрсе тең келмес! "

NINETY ONE тобы өз кезегінде «Арманыңды мақсатқа айналдыр! Әлеммен бірге тыныс ал! Әр күнің түрлі-түсті көңіл толқындарына толы болсын! Киялдаудан ұялма, сонда ғана ойларың шындыққа айналады! Не ойласаң, сол болады! Позитив- бақыттың кілті!» деген шын көңілден өз тілектерін айтып, кеңестерімен бөлісті. 


Алимходжаева Шахида, волонтер:
 
"Сәлеметсіздер ме. Ең алдымен, озімді таныстырып кетсем. Есімім Алимходжаева Шахида. Жасым 21 де. Осы жасқа келіп, өмірде "мақтан тұтарлық қандай іс жасадым?",- деп өзіме сұрақ қойдым. Содан, ойлана келе, волонтёрлық ( мұқтаж жандарға көмек көрсету ) іспен айналысамын деп шештім. Жақында, құрбым Қайтбаева Жібек екеуіміз "Жүрегіңді аш" атты волонтёрлық топ құрдық. Осы бастауымыздағы ең бірінші қадамымызды, балалар үйінен бастадық. Көптеген қиындықтарға тап болсақта, алған жолымыздан қайтпадық. Және де нәтижесі оңды болды. Бұл орайда, бізге қол ұшын созған "NINETY ONE" тобына алғысым шексіз. Бастысы, бөбектерді бір қуантып, көңіл-күй сыйлап қайтты. Балалардың барлығы бақытты болуға лайықты. Сол үшін де, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқор болу, әр азаматтың міндеті."

Жалпы қайырымдылық саласында бұл жігіттердің алғашқы қадамы емес. Бұған дейін олар балалар онкологиялық ауруханасында болып қайтқан. Осындай игі істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз! Бақытты болыңыздар!



Жібек Қайтбаева

Всего комментариев: 2
avatar
0
1 Bako982307 • 14:48, 21.04.2016
Мен сендерді мақтан тұтам!
avatar
0
2 kanbayeva • 22:26, 23.06.2016
Молодцы
avatar
Меню сайта
INQUIRY
    Where are more fans? Где больше фанатов?
    Всего ответов: 1722
We Vkonakte
Online chat
Online
    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0