Reads: 1052 KOREAN MUSIC PARTY ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ | |
KOREAN MUSIC PARTY ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ 18-маусым күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде «MuzZone» арнасының ұйымдастыруымен Korean Music Party музыкалық кеші өтті. Әдеттегінше концерттік шараға басты қонақтардың бірі ретінде Ninety One тобы шақырылды. [ ?]Концертті тамашалауға келген көрермендер қатары көп болды. Мейрамхана ішінде ине шаншыр орын қалмады. Ұзын сонар кезек мейрамханадан көше басына дейін созылып жатты. Келушілердің көбі EagleZ-дар екенін айта кеткен жөн. Олар Ninety One тобымен көрісуі үшін кешкі сағат 18.00-де болатын кешке таңғы сағат 9.00-ден бастап кезекке тұрған. Жігіттер де жанкүйерлерінің үмітін ақтады. Олар музыкалық кеште шағын альбомындағы әндерді толық орындап шықты, сондай-ақ жеке түрде ән шырқады. Тағы қоса кетеріміз, Ninety One тобының қойылымдарына Puzzle Crew би командасы бимен сүйемелдеу жасады. Ал, ұйымдастыру алқасы кеш барысында әртүрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырып, көрермендердің көңілін көтерді. Жалпы айтқанда бұл жолғы Korean Music Party жоғары деңгейде өтті. Толығырақ келесі бейнематериалда. | |
| Всего комментариев: 0 | |
Меню сайта
INQUIRY
We Vkonakte
Online chat
Online
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

18-маусым күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде «MuzZone» арнасының ұйымдастыруымен Korean Music Party музыкалық кеші өтті. Әдеттегінше концерттік шараға басты қонақтардың бірі ретінде Ninety One тобы шақырылды.